Террористік актілерге осал 4 нысанға айыппұл салынды

950

Террористік актілерге осал 4 нысанға айыппұл салынды

Қызылорда облысында төрт бірдей нысан басшыларына тиесілі ғимараттардың антитеррористік қорғанысы болмауына байланысты айыппұл тағайындалды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Қызылорда полицейлері облыста террористік актілерге осал нысандарды тексеру үстінде. Халық көп шоғырланатын орындары тексеру барысында террористік қатынастарға осал 4 нысан басшыларына ҚР ӘҚБК 1 бөлімі 149 бабы бойынша ("Террористік қатынасқа осал нысандарда тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету және антитеррористік қорғанысты қамту бойынша міндеттерді орындамау") айыппұл салынды.   Оның ішінде 1 нысан қоғамдық тамақтану орны, 1 нысан спорт ғимараты, 1 нысан өндірістік орын және 1 нысан су шаруашылығы нысаны сот шешімімен антитеррористік қорғанысты қамтамасыз етпегені үшін 2 миллион теңге айыппұл салынды.

Тексеру нәтижесінде көрсетілген нысандар террористік қатынастарда осал болып танылған, ғимараттарда инженерлік-техникалық жабдық жоқ, оның ішінде бейнебақылау, дабылды дыбыс жүйесі, бақылау жүйесі, сондай-ақ арнайы күзет қызметі қамтылмаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу