Террористік қылмыс жасады деген күдікпен 4 адам депортацияланды

215

Аталған іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Террористік қылмыс жасады деген күдікпен 4 адам депортацияланды Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген ҚР азаматтарын елге қайтару жөніндегі операция жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Биыл 7 және 12 мамырда шет елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы Отанға жеткізілді.

Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ҰҚК бағдары бойынша ұсталды.

Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу