Террористік ұйымдардың қатарында Қазақстанның 40 азаматы жүр

1077

Сондай-ақ, террористерге туысқандық қатысы бар 65 адам шетелде.

Террористік ұйымдардың қатарында Қазақстанның 40 азаматы жүр

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде терроризмге қарсы қызметтің жылдық жұмысын қорытындылаған баспасөз мәслихаты өтті. 

Терроримзге қарсы орталық штабының бірінші орынбасары Сергей Швейкин Таяу Шығыстағы ислам атын жамылған террористік құрылымдар жеңіліс тапқанымен, олардан қалған жасақтарды өзге ұйымдар өз қатарына тартуы мүмкін екенін атады.

"Бүгінгі таңда шетелдегі террористік ұйымдардың қатарында 40 Қазақстан азаматы жүр. Олардың жұбайы мен басқа да отбасы мүшесі саналатын 65 адам және бар. Бәрінің кім екені біздің қызметтерге белгілі. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Жекелеген азаматтардың әскери шайқастар кезінде көзі жойылғаны туралы ақпараттар тексеріліп жатыр. Шетелде жүрген жауынгерлердің көбінің беті қайтып қалғанын атап өту қажет. Олардың кейбірі отанға қайтудың жолын іздеп жатыр. Жасаған террористік қылмысы үшін жаза арқалауға дайын. Бірақ қылмыстық әрекетін жалғастырып жүрген азаматтар да бар. Бұл құбылысқа қарсы тұру үшін жауынгерлердің қозғалысын қадағалау шаралары қабылданды. Мысалы, биылдың өзінде ғана Қазақстанда бекітілген тәртіп бойынша террористік әрекеттерге қатысы болғаны үшін іздеуде жүрген 31 тұлға өзге елдерге қайтарылды", – деді штаб өкілі.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу