Террористік ұйымға қатысы болуы мүмкін қазақстандық Түркиядан елге жеткізілді

115

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті.

Террористік ұйымға қатысы болуы мүмкін қазақстандық Түркиядан елге жеткізілді Фото: ҰҚК

Комитеті өкілдері Анталиядан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматын елге әкелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарымен ұсталған. Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды. ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Ол сот санкциясымен қамауға алынды", - делінген комитет хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу