Өңірде күні бүгінге дейін терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша бес қылмыстық құқық бұзушылық ісі тіркеліп, екі іс сотқа жолданған.
"Қылмысты жасаудың себеп-салдары кәсіпорын немесе мекеменің жұмысын тоқтату және мектеп сабақтарын болдырмау болып табылады. Көп жағдайда адамдар қызықты әзілге айландыра берген жалған ақпарат әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылатындарын сезіне бермейді", – деді А.Тайтуллин.
Сондай-ақ қала прокуратурасы үй ішінде жарылғыш заттарды дайындауды үйрететін екі сайтты бұғаттағанын жеткізді.
Айта кетейік, ҚР қылмыстық кодексінің 273-бабында, яғни терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлаған үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.