Терроризм деңгейі бойынша қауіпті елдер тізімінде еліміз 93-орында

1161

Бір жылда экстремизм және терроризммен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 15%-ға қысқарған.

Терроризм деңгейі бойынша қауіпті елдер тізімінде еліміз 93-орында

Терроризм деңгейі бойынша қауіпті елдер тізімінде Қазақстан 135 елдің ішінде 93-орынды иеленді. Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады. Еліміздің индексі – 0,901, бұл көрсеткіш қауіптің өте төмен деңгейі болып есептеледі.
Индекс деңгейі неғұрлым жоғары болса, қақтығыстар мен террористік актілер соғұрлым жиі орын алады деген сөз. Егер индекс нөлге тең болса, онда терроризм қаупі мүлдем жоқ дегенді білдіреді. Мұндай көрсеткішке Беларусь және Түрікменстан елдері ие болды. 

Ал тізімде Ауғанстан, Ирак және Нигерия елдері көш бастап тұр.

Ресми дерек бойынша, 2020 жылдың  қаңтар және қазан айлары аралығында елімізде экстремизм және терроризммен байланысты 189 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 14,9%-ға аз.
Мұндай қылмыстардың басым бөлігі Түркістан облысы (29 ) мен Алматыда (29) тіркелген. Одан кейінгі орындарда Шымкент (19 ) пен Нұр-Сұлтан (15) қалалары тұр. Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары бұл көрсеткіш бойынша тізімнің соңында. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу