Бұл туралы ҰҚК мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Тараз тұрғыны айналасындағыларды шетелдегі лаңкестер қатарында соғыс әрекеттеріне қатысуға шақырып, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлаған. Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), діни араздықты қоздырғаны үшін (ҚК-нің 174-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада.
Келесі сотты болған Алматы тұрғыны, бұрын да өзге қылмыстары үшін бірнеше рет заңға тартылғаны белгілі болды.
Ол ғаламтор желісінде радикалды идеологияны насихаттағаны үшін айыпталды.
Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 296-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.