Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, stopterrorism.kz сайтын іске қосты. Оның көмегімен дәлелдерді жинау және тіркеу, қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіру жүргізіледі.
"Бұл сайтқа азаматтар биыл болған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Бас прокуратура "бүгінде прокурорлар дәлелдерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар арқылы анықтау жұмысын" жүргізіп жатқанын атап өтті.