Террорлық әрекеттерді ұйымдастыруға қатысқан 5 азамат ұсталды

188

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Террорлық әрекеттерді ұйымдастыруға қатысқан 5 азамат ұсталды Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарының көмегімен және прокуратураның үйлестіруімен Астана қаласында, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында бірқатар іс-шара өткізді.

Нәтижесінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу нұсқасы бойынша, олар террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында терроризмді насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға және адамдарды тартуға қатысқан.

Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Айта кету керек, күдіктілердің екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық үшін соттылы болған. Тағы біреуі бұрын лаңкестердің шетелдік лагерьлерінде дайындықтан өтіп, шет мемлекет аумағында қарулы қақтығыстарға қатысқан.

Қылмыстық кодекстің 174, 256, 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу