Террорлық және басқа да ауыр қылмыс жасағандар азаматтықтан айырылады

1000

Террорлық және басқа да ауыр қылмыс жасағандар азаматтықтан айырылады

Террористік және басқа да аса ауыр қылмыс жасаған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады. Бұл турасында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев айтты.

"Бүгінгі таңда шетелде лаңкестер лагерінде Қазақстанның 500 азаматы жүр. Сондықтан да Сирия-Ирак аймағында террористік топтар біздің ел үшін де қауіпті. Себебі, қазақстандықтар ішінен шыққан осындай адамдар қылмыстық тәжірибе жинақтап, елімізге арам ниет-оймен оралуға тырысуы мүмкін. Осыған орай, жаңа толықтыруларда осындай адамдарды азаматтықтан айыру қарастырылуда", - деді ведомства басшысы.

Нұрлан Ермекбаев ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі:

"Мәселе терроризм актілерін, террористік топтарды құру және басқару және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ республикамыздың ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне аса ауыр зиян келтіру туралы болып отыр. Сот істің мән-жайын, жасаған әрекетінің ауырлығын, келтірген зардаптарын толық зерделеу негізінде ерекше жағдайларда ғана азаматтығынан айырады"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу