Барлығы 2 431 Cybertruck-ті кері қайтару туралы шешім қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АҚШ-тың Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы (NHTSA) мәлімдемесінде аталмыш шешім 2023 жылдың 6 қарашасы мен 2024 жылдың 30 шілдесі аралығында шығарылған кейбір Cybertruck электр көліктеріне қатысты болатыны айтылған.
Хабарламада инвертор ақауларына байланысты 2 431 көлік кері қайтарылғаны атап өтілді.
Осылайша, соңғы шешімге сәйкес, америкалық өндіруші биыл алтыншы рет Cybertruck көлігін кері қайтарып жатыр.
Қазан айында Tesla артқы камерадағы ақауларға байланысты АҚШ-та осы маркадағы 27 мыңнан астам автокөлікті кері қайтаратыны хабарлады.