Tesla 4 мың қызметкерін жұмыстан қысқартпақ

660

 Tesla 4 мың қызметкерін жұмыстан қысқартпақ

АҚШ-тың Tesla компаниясы қызметкерлерінің 9 пайызын жұмыстан шығармақ. Шамамен 4 мыңға жуық адам қызметінен айрылуы мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Компания басшысы Илон Масктың айтуынша, бұл қадам шығынды азайтып, соңғы модельдегі көлік санын көбейту мақсатында жасалып отыр. Сондай-ақ мекеменің басқару құрылымы да өзгертілмек.

2018 жылдың алғашқы үш айында Tesla-ға 710 миллион доллар көлемінде шығын келген. The Wall Street Journal дерегі бойынша, компания осымен бесінші мәрте қомақты қаржы жоғалтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу