Tesla компаниясы Cybertruck деп аталатын толықтай электр қуатымен жүретін әрі корпусы болаттан жасалған пикапты таныстырды.
Бір рет қуатталған бұл көлік шамамен 400-800 шақырым қашықтыққа дейін жүріп өте алады. Компания басшысы Илон Масктың айтуынша, пикаптың дизайнын Blade Runner және The Spy Who Loved Me фильмдеріндегі автокөліктерге ұқсатып жасаған.
Экологиялық таза бұл көліктің әйнегі мен корпусы арнайы технологияның көмегімен құрышпен қапталған. Олар 9 миллиметрлі тапаншадан атылған оқты дарытпайды.
Жанармайсыз жүретін көлік үш нұсқада шығарылатын болады. Бағалары 39,9 мың доллардан басталып, 69,9 мың долларға дейін жетеді. Электрокарлар 2021 жылдан бастап сатыла бастайды.
Табиғат Нұрболат