Tesla компаниясының иесі әрі негізін қалаушы Илон Маск "Твиттерде" Украинадағы бейбітшілік жағдайларын қалай көретіні туралы хабарлама жариялағаннан кейін, дүйсенбіде Нью-Йорктегі сауда-саттықта американдық электромобиль өндірушісі Tesla ("Tesla") акциялары 8,4%-ға төмендеді.
Мұны Нью-Йорк қор биржасының мәліметтері дәлелдейді, деп жазады ТАСС.
Алғашқы қадам ретінде Маск Ресей аннексиялаған аумақтарда БҰҰ бақылауымен референдумдарды қайта өткізуді ұсынды.
Оның пікірінше, Қырым ресми түрде Ресейдің бөлігі, өйткені кезінде Хрущев қателескен, ал Украина бейтарап мәртебеге ие болуы мүмкін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу