Tesla акциясының бағасы 2 мың доллардан асты

822

Бір жыл ішінде құнды қағаз 374%-ға қымбаттаған.

Tesla акциясының бағасы 2 мың доллардан асты Фото: rbk.ru

Америкалық Tesla компанисы акцияларының бағасы алғаш рет 2000 доллардан асып кетті. Сауда қорытындысы бойынша электр қуатымен жүретін көліктерді өндірушінің құнды қағазы шамамен 7 пайызға қымбаттаған. Компанияның нарықтық капитализациясы 373 миллиард долларға жетті. Яғни бұл көрсеткіш бойынша Tesla-ныкі АҚШ-тағы бөлшектік сауда алпауыты саналатын Walmart-тыкінен 3 миллиард долларға көп. 

Бірақ кей сарапшылар компания көрсеткіштерінің өсуі де, оның құлдырауы да орасан деген пікірде. Өткен жылы корпорация 755 миллион доллар көлемінде шығын батқан еді. 

Осылайша Tesla-ның құнды қағазы бір жыл ішінде 374%-ға қымбаттап отыр. 2019 жылы оның акциялары 260 доллар тұрған болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу