Tesla бағасы көтеріледі

735

Компанияның қазіргі капитализациясы 385 млрд доллар.

Tesla бағасы көтеріледі

21 желтоқсанда электрокар өндіруші Tesla компаниясы S&P 500 индексінің құрамына кіреді. Бұл туралы S&P 500 Dow Jones Indices-тің ресми хабарламасынан кейін белгілі болды. 

Осылайша компания өзінің кезекті рекордын жаңартпақшы. Бұған дейін қатысушылардың ешқайсысы индекске кірмес бұрын мұндай қымбат тұрмаған. Tesla S&P 500-ге біртіндеп, яғни бөлшек-бөлшек болып енуі ықтимал. 

Енді компанияның құны шарықтайды. Өйткені индекс арқылы ірі қорлардан қаражат тарта бастайды. Ескере кететін жайт, S&P 500 индексіне қосылады деген ақпараттан кейін Tesla бағасы 13%-ға көтерілген. 

Компанияның қазіргі капитализациясы 385 млрд долларға дейін жетеді, S&P индексінікі шамамен 28 трлн долларға таяп қалған. 

Табиғат Нұрболат 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу