Tesla бәсекелестері инвестор іздеп жатыр

818

Tesla бәсекелестері инвестор іздеп жатыр

Tesla Motors және Lucid Motors компаниясы "Форд" американдық автоөндірушісіне өз өнімдерін сатып алуды ұсынды. Бұл туралы Automotive News хабарлайды, деп жазады 7kun.kz.

Дегенмен, Ford жетекшілігі дәл қазіргі уақытта электромобильдерді сатып алуға қызығушылық танытып отырған жоқ.

Lucid Motors компаниясы фирмаға қосымша инвестиция тартуға көмек үшін Morgan Stanley холдингінен қызметкерлер жалдаған. Қаражат олардың модельдерін өңдеу үшін, әрі Аризон штатында өз кәсіпорындарын ашу үшін қажет. Зауытты салу 700 млн доллар шығынды құрайды.

Айта кетейік, Lucid алғашқы моделі — Air электрокары, 2016 жылдың желтоқсанында шығарылды. Онда 1000 жылқы күші бар электрлік күш енгізілген. Оның максималды жылдамдығы — сағатына 315 км. Мәлімделген максималды жүріс қоры — 643 км.

Lucid Air ең қолжетімді модификациясы 52 500 долларға бағаланып отыр. Ал Tesla Model S-тің ең арзан түрі 57 700 доллар тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу