Tesla Берлинде электрокар шығаратын алғашқы еуропалық зауытын салады

951

Компания басшысының сөзінше, Gigafactory 4 деп аталатын зауыт Берлиннің жаңа халықаралық әуежайының жанында салынады.  

Tesla  Берлинде электрокар шығаратын алғашқы еуропалық зауытын салады

Америкалық   Tesla Inc.электромобиль өндіруші  Германияда электрокар шығаратын алғашқы еуропалық зауытты салады, онда электрокарлар құрастырылатын болады, деп жазады The Wall Street Journal  компания басшысы Илон Маскқа сілтеме жасап.
Компания басшысының сөзінше, Gigafactory 4 деп аталатын зауыт Берлиннің жаңа халықаралық әуежайының жанында салынады. Тап сол жерге компанияның инженерлік-комнтрукторлық орталығын құру да жоспарланып отыр.      

Бұдан бұрын Tesla  Еуропада автомобиль шығаруды 2021 жылы бастайтынын айтқан болатын. Компания алғашқы еуропалық кәсіпорында Model 3 және Model Y электрокарларын шығарады. 

Компания АҚШ-тан тысқары жердегі бірінші зауытын Шанхайда ашқан болатын.          

Қазан айының соңында компания  Шанхайда шығарылатын Model 3 электромобильдері алдын ала тапсыр беру үшін қолжетімді болғанын мәлім етті. Олардың бірінші партиясы клиенттерге 2020 жылдың алғашқы тоқсанында беріледі деп жоспарланып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу