Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, МакМанус Илон Масктің қоластында интерьер дизайнын жасаумен айналысқан.
Ол Tesla-дағы қызметінен кеткен бойда Applе-ге орналасып, аға директор болып тағайындалған. Бұл ақпарат оның LinkedIn-дегі парақшасында жарияланды.
Стив МакМанус Tesla компаниясында 2015 жылдан бері жұмыс істеген. Ал оған дейін Jaguar Land Rover, Bentley Motors және Aston Martin фирмаларында еңбек еткен. Әзірге Тим Кук басқаратын компания оның тағайындалуы туралы тіс жармай отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Аpple наурыз айында Tesla-ның желі жүйесі бойынша вице-президентін, ал өткен жылдың тамыз айында автокөлік бойынша бас инженер Дуг Филд-ті жұмысқа алған болатын.
Қос компания бірнеше жыл қатарынан осылайша қызметкерлерін алмастырып келеді. Бірде Илон Маск Apple компаниясына "Tesla-ның мәйіті" деген ат қойған болатын.
Табиғат Нұрболат