Tesla капитализациясы 600 млрд доллардан асты

614

Бір жыл ішінде компания акциялары 663%-ға өскен.

Tesla капитализациясы 600 млрд доллардан асты

2020 жылдың қаңтар айында Илон Маск компаниясының нарықтық бағасы шамамен 100 млрд болса, жыл соңында оның құны 600 млрд долларға дейін қымбаттады. Осылайша Tesla S&P 500 индексінде алтыншы орынға табан тіреп, Toyota, Ford, Fiat Chrysler және General Motors сияқты көлік өндірушілерді артта қалдырды.

Бір жыл ішінде компания акциялары 663%-ға өскен. Қаңтар айында капитализация көлемі 100 млрд доллар болса, маусымның соңында 200 млрд долларға, шілдеде 300 млрд долларға, қазанда 514 млрд долларға дейін артты. 

Tesla компаниясын Илон Маск 2003 жылы құрған болатын. Ол әуел баста Tesla Motors деп аталған еді, бірақ кейінірек Tesla деп өзгертілді. Бастапқыда компания тек электромобильдерді өндірумен айналысты, бірақ соңғы жылдары күннен қуат алатын батареялар жасап, басқа да энергия жинақтаушы жүйелерді құруға бет бұрды.

Табиғат Нұрболат

Фото: vesti.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу