Tesla көлік бағасын арзандатты

902

Америкалық компания Model X және Model S модельдерін топтамадан алып тастап, көліктердің бағасын түсірді. Ондағы мақсаты – сатылым көрсеткішін көтеру. 

Tesla көлік бағасын арзандатты

Сонымен қатар Tesla тұтынушылар арасында кең сұранысқа ие Model 3 құнын 38,990 долларға дейін төмендетті. 

Reuters агенттігінің хабарлауынша, енді нарықта аталған екі модельдің орнына Long Range және Performance сатылымға шығарылмақ. Электр қуатымен жүретін бұл автокөліктердің құны – 80-85 мың доллар. 

Сондай-ақ автомобиль жасаушы компания стандартты қара түсті Multi-Coat Pearl White деген реңге ауыстырды. Бұған дейін тұтынушылар бұл түсті қосымша ақша төлеп сатып алып жүрген болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу