Америкалық Tesla компаниясының басшысы Илон Маск электрокарлар биткоинге сатылуы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
B-Word конференциясында сөйлеген сөзінде Маск биткоиндерді өндіру кезінде жаңартылатын энергия көзі жиі қолданыла бастағанын атап өтті. Ол осы криптовалюта өндірісінің кем дегенде 50%-ы жасыл энергияға негізделетінінен үмітті.
2021 жылдың басында Tesla биткоиндерге 1,5 миллиард доллар инвестиция құятынын жариялаған еді. Сол кезде компания бұл криптовалютаны төлем құралы ретінде қабылдай бастағанын мәлімдеді. Алайда мамыр айында Маск биткоиндерді қабылдауды тоқтатып тастады.
Маусым айының ортасында Маск Tesla автомобильдерін биткоиндерге сатудың шартын атады. Оның айтуынша, биткоин өндірісі экологиялық таза болуы керек.
Табиғат Нұрболат