Tesla-ның таза пайдасы II тоқсанда алғаш рет 1 миллиард доллардан асты

906

Компания қазір 630 миллиард долларға бағаланып отыр.

Tesla-ның таза пайдасы II тоқсанда алғаш рет 1 миллиард доллардан асты Фото: reuters.com

Tesla компаниясының таза пайдасы 2021 жылдың екінші тоқсанында рекордтық деңгейге, яғни 1,14 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz компанияның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш небәрі 104 миллион доллар шамасында болған еді. 2021 жылдың бірінші тоқсанында 438 миллион долларға жетті.
Компанияның кірісі екі есе өсті: 2020 жылдың екінші тоқсанында 6 миллиард доллар, 2021 жылдың екінші тоқсанында 11,9 миллиард доллар деңгейінде тіркелді. Биыл сәуір және маусым айлары аралығында Tesla өз клиенттеріне 201 мыңнан астам көлік сатқан.

Associated Press дерегі бойынша, қазіргі уақытта Илон Маск компаниясы шамамен 630 миллиард долларға бағаланып отыр. Бұл екі жыл бұрынғыдан 14 есе көп және басқа көлік өндірушілердің құнынан жоғары. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу