Tesla компаниясының 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы пайдасы 27 есе өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның мәлімдемесіне сілтеме жасап. Қаңтар және наурыз айларында корпорация 438 млн доллардай өндірген. Өткен жылдың дәл осы кезеңінде 16 млн доллар болған еді.
Tesla осымен жетінші тоқсан қатарынан пайдаға кенелуде. Кіріс көлемі 5,99 млрд доллардан 10,39 млрд долларға дейін өсті. Былтыр компания нарыққа жарты миллионнан астам автокөлік,2021 жылдың бірінші тоқсанда бүкіл әлем бойынша 184,8 мың автокөлік шығарған.
Жыл басынан бері Tesla биткоиндерді сатудан 101 млн доллардай қаражат тапты. Бірінші тоқсанда электромобильдердің құны бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 13%-ға артты. Бірақ акциялар 3,1%-ға арзандады, өйткені компания осы жылға арналған көлік жеткізілімдерінің нақты санын жарияламады.Бұған дейін Илон Маск акциялар арзандағаннан кейін миллиардтаған доллардай қаражатынан айырылған еді. Бұған Tesla көілігінің апатқа ұшырап, салдарынан екі адамның ажал құшуы себеп болды.
Табиғат Нұрболат