Тея қызметтік итінің көмегімен гашиш есірткі заты тәркіленді

108

Қызметтік-іздестіру иттерінің жұмыс нәтижелері айтарлықтай. 

Тея қызметтік итінің көмегімен гашиш есірткі заты тәркіленді Фото: ІІМ

ІІМ кинологиялық бөліністерінің қызметкерлері "Заң және Тәртіп" қағидаты аясында елдің барлық аумағында есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шараларды жүргізуге қатысады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

 Солтүстік Қазақстан облысында жүргізушісі күдік туғызған автокөлік тоқтатылды. Виола лақап атты қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып, көлік құралын тексеру барысында салмағы 30 грамнан асатын мефедрон есірткі заты табылды. Ұсталған адам есірткі жасырушысы болып шықты. Тағы бір оқиға республикалық маңызы бар Алматы - Астана автожолында орын алды. Онда полиция қызметкерлері тексеру үшін көлік құралын тоқтатты. Тексеру барысында Тея қызметтік итінің көмегімен жалпы салмағы 11 килограмнан асатын гашиш есірткі заты тәркіленді, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің кинологиялық қызмет басқармасының бастығы Алмас Күнтуов.

2025 жылдың екі айында ғана олардың көмегімен 100-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды, 600 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 48 килограмм синтетикалық есірткі  тәркіленді. ІІМ-нің кинологиялық бөліністері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша жұмысты жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу