Тез дайындалатын кеспе деп алкоголь өткізген

746

Алдын ала қорытынды нәтижелер бойынша ұсталған алкоголь өнімі партиясының жалпы құны 25,6 млн теңгені құрады.

Тез дайындалатын кеспе деп алкоголь өткізген

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп заңсыз әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Жүргізілген іс-шаралар барысында "Айша-бибі" шекара бекетінде екі автокөлік ұсталған. Атап айтқанда, Қырғызстан Республикасының И. азаматының бақылауындағы мемлекеттік нөмірі №07KG133AAG "Мерседес" маркалы автокөлігі және Қырғызстан Республикасының Б. азаматының бақылауындағы №09KG510AAV "Penault Premium" маркалы автокөлігі.

"Аталған автокөліктерді тексеру барысында "Parlament" және "Antivirus" маркалы 25 920 бөтелке алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу фактісі анықталды. Бұл ретте алкоголь өнімдерінің бұл партиясы "Big Bon" тез дайындалатын кеспе ретінде жасырын тасымалданды. Алдын ала қорытынды нәтижелері бойынша ұсталған алкоголь өнімі партиясының жалпы құны 25 660 800 теңгені құрады", – деп жазылған Қаржы министрлігі таратқан хвбарламада. 

Аталған факті бойынша Жамбыл облысы бойынша ЭТД алкоголь өнімінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу