The Economist Intelligence Unit сарапшылары Қазақстанға оң баға берді

1042

Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі бойынша 113 орынның ішінен 32-орынды иеленді, осылайша 2019 жылмен салыстырғанда өз позициясын 16 тармаққа жақсартты.  

The Economist Intelligence Unit сарапшылары Қазақстанға оң баға берді Фото: inbusiness.kz

Бұл Corteva Agriscience қолдауымен The Economist Intelligence Unit сарапшылары дайындаған Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінен алынған, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтемемен.

The Economist Intelligence Unit деректеріне сәйкес, Қазақстанның 2020 жылғы рейтингідегі позициясын жақсарту тұрғысынан аса маңызды оң серпіні бар ел болып саналады. Халық үшін азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі, азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі, азық-түлік өнімдерінің болуы секілді көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды.

Оң қарқынды қамтамасыз еткен факторлар тізімінде Тhe Economist Intelligence Unit АӨК секторындағы өндірістің тұрақтылығын, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі әлеуметтік бағдарламалардың қолжетімділігін, халықтың кедейшілік шегінен төмен үлесін, нарықтың және АӨК секторындағы қаржылық қызметтердің, нарықтағы ұсыныстың, микронутриенттердің қолжетімділігін, протеиндердің сапасын, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін, азық-түлік өнімдеріне төмен импорттық тарифтердің, өндіріс пен дистрибуция кезіндегі ысыраптардың төмендігін атап көрсетеді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы, АӨК секторындағы ғылыми зерттеулер сияқты көрсеткіштер бойынша да жақсару байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу