Алматы прокуратурасы әлеуметтік желілерді бақылау кезінде The Finiko компаниясын анықтап, тергеуді бастағанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Компания азаматтарды ай сайын депозиттерге салынған сомадан 150%-ы көлемінде сыйақы төлейміз деген уәдемен (ең аз жарна - 500 доллар) шақырған. Компанияның веб-сайтында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларуссия, Өзбекстан, Түркия және басқа елдерден салымшылар бары және олардың саны 165 мың адамнан асатыны көрсетілген.
"7 шілдеде Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігі бойынша "қылмыстық топтың қаржылық (инвестициялық) пирамида құруы және басқаруы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді.
Прокуратура қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды бастады, компаниядан щапдап шеккендер болса Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментіне +7 701 888 82 06 хабарласуын сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі прокуратураның тапсырмасы бойынша компания қызметін тексерген болатын. Агенттік аталған компания жұмысында қаржылық алаяқтық белгілері айқын көрінді деп бағалады.