The Hill: АҚШ Украинаға көмекке 77 миллиард доллар жұмсады

436

АҚШ-тың Украинаға әскери көмек көрсетуге жұмсаған жалпы шығындары, соның ішінде Javelin танкке қарсы зымыран кешендері мен M1 Abrams танктері бағасы 77 миллиард доллардан асты. 

The Hill: АҚШ Украинаға көмекке 77 миллиард доллар жұмсады Фото: img3.eadaily.com

Мұндай статистиканы The Hill газеті келтірді, деп жазады inbusiness.kz.

"2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Украинаға бөлінген АҚШ-тың көмегі — $77,5 млрд құрады", - делінген басылымда.

Оның ішінде $29,3 млрд Ресейдің басқыншылығы басталғалы бері АҚШ-тың тікелей әскери көмегіне жұмсалды, оған жаяу әскер қару-жарағы кірді: 1600-ден астам Stinger зениттік кешені, 8500-ден астам Javelin танкке қарсы жүйесі, 2590 TOW танкке қарсы зымыраны, 111 млн-нан астам атыс қаруына оқ-дәрілер, сондай-ақ ондаған мың оқ-дәрілер мен дулығалар жиынтығы, бақылау жүйелері, түнгі көзілдіріктер, тепловизорлар мен басқа да техникалар.

Экономиканы қалпына келтіру, энергетикалық қауіпсіздік пен "жалғасып жатқан гуманитарлық дағдарыспен күресу" үшін қосымша шұғыл қаражат ретінде тағы 45 миллиард доллар бөлінді. Бөлек, Украинаның ішінде де, одан тыс жерлерде де босқындарды гуманитарлық қолдауға 1,9 миллиард доллар көмек көрсетілген.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік Банк арқылы Украинаны қолдауға тағы 13 миллиард доллардан астам қаражат бөлінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу