The Insider Чехиядан келген Ресей тыңшыларының есімдерін атады

264

Елена мен Николай Шапошниковтар Бас барлау басқармасы (БББ) агенттерінің Еуропадағы операцияларын байланыстырып отырған. 

The Insider Чехиядан келген Ресей тыңшыларының есімдерін атады Фото: focus.ua

Ресейге жағымсыз саясат қайраткерлерін улау мен оқ-дәрі қоймаларын жою сынды операцияларды 29155 БББ әскери бөлімі ұйымдастырған, ал олардың жұмысын Чехия азаматтығын алған Ресей тыңшылары —Елена мен Николай Шапошниковтар үйлестіріп отырған, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы 29 сәуірде жарияланған The Insider тергеуінде айтылған. Басылымның хабарлауынша, 2014 жылы Шапошниковтар БББ агенттері Анатолий Чепига мен Александр Мишкинге ("Руслан Табаров" және "Николай Попа") Врбетицтегі оқ-дәрі қоймаларында жаруға көмектесті, дейді Чехия полициясы.

Елена мен Николай Чехияда саяси эмигранттардың кейпіне еніп, кейінірек БББ агенттері бас қосатын пәтер ретінде пайдаланылған Грециядан керемет вилла сатып алды, деп жазады The Insider. Журналистер Елена Шапошникованы Ресей паспортының көмегімен анықтады, атап айтқанда оның сериясы бойынша - ол БББ 29155 әскери бөлімі қолданатын нөмірлер қатарынан шықты. Шапошникова аталған әскери барлау құрамасының басшысы генерал Андрей Авериановпен байланысып отырған.

Шапошниковтар БББ үшін Еуропадан әскери жеткізілімдер туралы мәліметтер жинады-мысалы, понтондық көпірлер мен жүк көліктерін Вьетнамға жеткізу. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылар бірнеше операцияларда — Чехия мен Болгариядағы оқ-дәрі қоймаларының жарылыстары, сондай-ақ Болгар қару-жарақ саудагері Емельян Гебревтің улануына қатысқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу