The Ring журналы қазақстандық боксшыны "Жыл жобасы" деп таныды

654

Садриддин Ахмедов өзінің соңғы жекпе-жегін Хосе Антонио Вильялобосқа (12-6-2, 7КО) қарсы өткізіп, жетінші раундта оны нокаутқа түсірді.

The Ring журналы қазақстандық боксшыны "Жыл жобасы" деп таныды

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы, WBC Asia және WBC Youth World титулдарының иегері Садриддин Ахмедовті беделді The Ring журналы "Жыл жобасы" марапатына лайық деп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның кәсіпқой боксына сілтеме жасап.

Танымал инсайдер Майкл Бенсонның ақпараты бойынша, Ахмедовтен бөлек бұл премияның номинанттары тізімінде ағылшындық Даниэль Дюбуа,америкалықтар Джарон Эннис пен Вирджил Ортис-кіші, сонымен қатар өзбекстандық боксшы Исраил Мадримов бар.

Ахмедов өзінің соңғы жекпе-жегін жетінші желтоқсан күні Монреальда Хосе Антонио Вильялобосқа (12-6-2, 7КО) қарсы өткізіп, жетінші раундта аргентиналық боксшыны жағынан ұрып, нокаутқа түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу