The Washington Post: Ормузды минадан тазартуға 6 ай уақыт керек

118

Алайда бұғазды тазарту жұмысы АҚШ пен Иран арасындағы текетірес толық аяқталмайынша, басталмайды.  

The Washington Post: Ормузды минадан тазартуға 6 ай уақыт керек Фото: cryptorank.io

Ормуз бұғазын миналардан тазартуға кемінде жарты жыл уақыт керек. Бұл туралы АҚШ-тың Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған The Washington Post басылымы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кеме қатынасын бұғаттау Америка Құрама Штаттары экономикасын қазірдің өзінде үлкен шығынға батырды. Наурыздың басынан бері штаттардағы жанармай бағасы екі есе қымбаттап, галлоны 4 долларға сатылып жатыр.

Сарапшылар: "Күрделі ахуал билік тізгінін ұстаған республикалықтардың қарашада өтетін Конгресс сайлауында үстем болу мүмкіндігін азайтады", – деп пайымдайды.

Трамп Ормуз бұғазын минадан тазартуға тапсырма берген еді.

Ол: "Бұл – біздің әлем алдындағы міндетіміз", – деді.

Тегеран 20-дан астам мина орнатқан деген ақпарат бар. Олар GPS арқылы алыстан басқарылады. АҚШ әскері оларды залалсыздандыру үшін дрондар мен роботтарды пайдалануға ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу