The world bank: Қазақстанның өндірістік өтімділігі төмендеп барады

881

Экономист  Хулио Ревилла Қазақстанның Doing Business-тегі индикаторларының қағаз жүзінде ғана көрсетіліп отырғанын айтады.  

The world bank: Қазақстанның өндірістік өтімділігі төмендеп барады

Қазақстанның өндірістік өнімділігі соңғы жылдары төмендеп барады. Егер үкіметтік деңгейде шұғыл жаңа реформа түзілмесе, онда оның кері  әсері халық тұрмысы үшін қатты болуы мүмкін. Бүгін Дүниежүзілік банк Қазақстанның макроэкономикалық ахуалына жасаған зерттеу қорытындысын жария етіп, осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Халықаралық сараптамаға қарағанда, өндірістік құлдырау елде жалпы 2008 жылғы дағдарыстан кейін орын алған. 10 жылдағы көрсеткіш 4%-ға төмендегенін анықтаған. Әсіресе, тау-кен өндірісі, ауыл шаруашылық және қызмет көрсету секторы әлі нақты аяққа тұра алмай келеді. Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы аймақтық кеңесінің жетекші экономисі  Хулио Ревилла Қазақстанның Doing Business-тегі индикаторларының да қағаз жүзінде ғана көрсетіліп отырғанын айтады.  

"Елдеріңізде жалпы жеке бизнес пен билік арасында әлі де алшақтық бар. Үкімет деңгейінде, әрине, жағдай түзіліп жатыр. Оны жоққа шығаруға боламайды. Бірақ сол қызметке қолы жетіп жатқан кәсіпкерлер өте аз. Жалпы Қазақстан кез келген секторды дамытуға қауқарлы мемлекет. 2050 жылы дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру үшін, сіздерге ЖІӨ-нің 60%-нан асатын инвестиция тарту қажет", - дейді Хулио Ревилла.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу