Тигран Кеосаян Қазақстанға кіруге жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын – Айбек Смадияров

1129

ҚР СІМ Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Тигран Кеосаянның сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тигран Кеосаян Қазақстанға кіруге жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын – Айбек Смадияров

"Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қорлаушы және объективті емес сөздері назар аударады.

Мүмкін, оның мәлімдемесі ресейлік қоғамның белгілі бір бөлігінің және саяси истеблишменттің көзқарастарын көрсететін шығар, бірақ елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың рухы мен мазмұнына және мемлекет басшылары деңгейіндегі келісімдерге сәйкес келмейді.

Мұндай сөздер тату көршілік қарым-қатынастың атмосферасын уландырады және стратегиялық серіктестіктің қарсыластарының "пайдасына" түседі.

Ол Қазақстанға кіру үшін жағымсыз адамдардың тізіміне енгізіледі деп ойлаймын", – деген пікір білдірді СІМ өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу