Тихановская: Ешбір ел белорустардың шешіміне ықпал етпеуге тиіс

509

Саясаткер америкалық басылымға берген сұхбатында осылай деді.

Тихановская: Ешбір ел белорустардың шешіміне ықпал етпеуге тиіс Фото: ria.ru

 Беларусьтегі президент сайлауына қатысқан оппозиционер Светлана Тихановская елдегі жағдайға басқа елдер араласпауы керек дегенді айтты.  

"Біз демократиялық елде тұрып жатырмыз, осының барлығы өзімізге байланысты. Бұл біздің еркіміз. Ешбір мемлекет біздің шешімімізге әсер етпеуі тиіс деп білемін",  – деді саясаткер.

Светлана Тихановская сайлаудан кейін Литваға қашуға мәжбүр болған еді. Оппозиционер бұл елде Беларусьтегі билік трансфері жөніндегі үйлестіру кеңесін құрды. 

Еске сала кетейік, 9 тамызда Беларусьта өткен президент сайлауынан кейін елді жаппай ереуілдер шарпыды. Саяси додада қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинады. Бірақ оппозиция сайлауда Лукашенко емес, Тихановская жеңді деп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу