Тихановская Лукашенконың қауіпсіздігіне кепілдік беретінін айтты

539

Ол үшін Белорусьтің қазіргі президенті бейбіт жолмен биліктен кетуі керек екен. 

Тихановская Лукашенконың қауіпсіздігіне кепілдік беретінін айтты Фото: rbc.ru

Беларусьтағы президент сайлауына қатысқан оппозиционер Светлана Тихановская егер Александр Лукашенко биліктен ерікті түрде кетсе, оның жеке қауіпсіздігіне кепіл болатынын жеткізді. 

"Әрине, ол бейбіт жолмен қызметінен кетсек, ондай мүмкіндік бар. Тіпті оның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі деп сенімді түрде айта аламын. Осы тұста мен көпшіліктің пікіріне құлақ асып, шешім қабылдаймын", – деді ол. 

Бұған дейін Беларусь оппозициясының өкілдері президенттік сайлаудың нәтижесіне қарсылық танытып, билік транзиті жөніндегі Үйлестіру кеңесін құрған еді. Осы күнге дейін осы кеңес президиум мүшелерінің барлығы дерлік қамауға алынды, кейбіреулері шет ел асып кетті. Тихановская болса, саяси тартыстан кейін Литваға кетіп қалды. 

9 тамызда өткен сайлаудан кейін Беларусьта ереуілдер шарпыды. Бастапқыда құқық қорғаушылар наразы топты тарқату үшін көзді жасаурататын газ, суатқыш, резеңке оқ қолданған. Ресми дерек бойынша, 7 мыңға жуық адам қамауға алынған. Тәртіпсіздіктер салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын, 130 құқық қорғаушы жарақат алып,  3 ереуілші қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу