Тихановская ұлттық көшбасшы болуға дайын екенін мәлімдеді

669

Сонымен қатар ол сайлауды қайтадан өткізуді ұсынды. 

Тихановская ұлттық көшбасшы болуға дайын екенін мәлімдеді

Беларусь президенттігіне үміткер және сайлауда екінші орынға ие болған Светлана Тихановская ұлттық көшбасшы болуға әзір екенін жариялады. Youtube желісінде жасаған мәлімдемесінде осылай деді.

"Халықтың сабырға келіп, елдің бұрынғы қалыпқа оралуы үшін мен бүкілі жауапкершілікті мойныма алып, қазір ұлттық көшбасшы ретінде қызмет етуге дайынмын", – деді ол.

Сонымен қатар ол саяси тұтқындарды босатып, әлем қауымдастығы мойындайтын жаңа сайлау өткізу керектігін алға тартты. 

Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьта президент сайлауы өтіп, қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко жеңіске жеткен еді. Ресми дерек бойынша, ол дауыстың 80%-ын, ал Тихановская 10,12%-ын жинады. Оппозиция саяси тартыстың қорытындысын мойындамай, жаңасын өткізуді талап етті.

Дауыс беру нәтижесі жарияланғаннана кейін елде жаппай ереуілдер басталды. Елдің ІІМ-нің мәліметінше, жүздеген бейбіт тұрғын, 120 қарулы күш қызметкерлері жарақат алып, 1 ереуілші қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу