Тиімсіз пайдаланушылардан жерді қайтару басталады

1491

Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың жолдарын ұсынды.

Тиімсіз пайдаланушылардан жерді қайтару басталады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру бойынша қандай шаралар қабылданатындығы үкімет отырысында талқыланды. Отырыс барысында Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы жерді тиімді пайдалану міндетін қойғанын алға тартты.

"Жерді тиімсіз пайдаланушылардан қайтарып алу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін орталық, облыс, ауданда мемлекеттік бақылауының бірыңғай вертикальдары құрылатын болады",– деді.

Сондай-ақ, премьер-министрінің орынбасары жерді тиімді пайдаланудан түсетін табыс туралы да айтты.

"Суармалы жерлердің алаңын ұлғайту 2021 жылға қарай 2,1 млн гектарды құрайтын болады. Бұл ретте өнім көлемі екі есеге артып, 1.8 трлн теңгеден асатын болады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға қарай суармалы жерлердің алаңы 3 млн гектарға дейін жеткізіледі. Бұл мал шаруашылығы мен өсімдік өсіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",– деді Жеңіс Қасымбек.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу