Тиісті деңгейде әлі шешімін таппаған проблемалар бар – Асхат Аймағамбетов

633

Оларды шешу үшін кешенді шаралар қажет.  

Тиісті деңгейде әлі шешімін таппаған проблемалар бар – Асхат Аймағамбетов Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы AMANAT партиясының депутаты Асхат Аймағамбетов Мәжіліс кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Ол экс-министр болғандықтан бұрынғы үкімет жұмысына баға беруі этикаға сай емес екенін жеткізді.

"Өзім бір жыл бойы осы үкіметте жұмыс істегеннен кейін, баға беріп тұрсам, этикаға сай болмайды. Бірақ айтып тұрғанымдай, проблемалар көп. Олар тиісті деңгейде әлі шешімін тауып жатқан жоқ. Оның әртүрлі себептері бар. Мен мемлекеттік қызметкер болғаннан кейін көп мәселелердің неге тез уақытта шешілмей жатқанын білемін. Ол тек қана бір адамға ғана байланысты болып отырған жоқ. Бұл жүйелі проблемалар. Оларды шешу үшін кешенді шешімдер қажет. Соның бірі – бюрократиядан арылу. Мысалы, бір министрге шешім қабылдау үшін қаншама келісім сатыларынан өту қажет. (...) Кеше Мемлекет басшысы осы мәселеге тоқталып, бюрократиядан арылу өте баяу жүріп жатқанын айтқан болатын", - деп жауап берді спикер.

Асхат Аймағамбетов бүгін тағайындалған Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың кандидатурасы бойынша партия ішінде біраз пікірталас болғанын жасырмады.

"Фракцияның отырысында көп пікірталас болды. Әртүрлі пікірлер айтылды. Бұл қоғамда ғана емес, партияда жүріп жатқан өзгерістерді де көрсетеді. Бірақ негізінен осы шешімге тоқталды", - деді депутат тілшілердің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу