"Тікелей эфиде қаза тапты": Эквадорда діни қызметкердің үстіне крест құлады

Қайғылы оқиға 17 қазан күні кешке шіркеуде болған.

"Тікелей эфиде қаза тапты": Эквадорда діни қызметкердің үстіне крест құлады Фото: Bild

Құлшылық рәсімі әлеуметтік желілердің бірінде тікелей эфирде көрсетіліп жатқан еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Эквадорда католик дінінің қызметкері Патрисио Альфредо Санчес Молинаридің басына құлшылық рәсімі кезінде ауыр крест құлап кеткен.

Трансляция басталғаннан соң шамамен 27 минут өткенде діни қызметкер "Ием, дұғамызды қабыл ал" деген. Дәл осы сәтте оның артындағы қабырғаға бекітілген алып крест кенеттен құлап, басына тиген. Соққыдан діни қызметкер құрбандық үстелінің артына құлаған. Шіркеуге жиналғандар оған көмек көрсетуге асығып, құтқару қызметін шақырған. Десе де, алған жарақаттарының салдарынан ол көп ұзамай қайтыс болған.

Осыған дейін Гуаякиль архиепархиясы діни қызметкердің қайтыс болғанын ресми түрде хабарлап, марқұмның жақындарына көңіл айтқан.

Крестің қабырғадан неліктен құлағаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу