"Тікелей эфирдегі сөзі себеп болған": Блогер Джузефинаның үстінен әкімшілік іс қозғалды

Мұны Қостанай облысы Полиция департаментінің ресми парақшасы растады.   

"Тікелей эфирдегі сөзі себеп болған": Блогер Джузефинаның үстінен әкімшілік іс қозғалды Фото: massaget.kz

Бұған дейін "Джузефина" лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева кішкентай кезінде әкесінің зорлағанын айтқан еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Әлеуметтік желілерде блогердің қатысуымен түсірілген бейнематериалдар таралуда. Онда ол әкесінің тарапынан бала кезінде өзіне қатысты құқыққа қарсы жыныстық іс-әрекеттер жасалғанын мәлімдейді.

Тікелей эфир барысында бойжеткен балағат сөздер айтып, өзін орынсыз ұстаған. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, туыстарынан жауап алып, жарияланған материалдарды зерделеді. 

Ата-анасының айтуынша, бейнематериалдарда келтірілген мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ, олар қыздарымен ұзақ уақыттан бері байланыс жасамайтынын хабарлаған, – деп мәлім етті Қостанай облысының Полиция департаменті. 

Тараптардың барлық уәжі толық тексерілмек. Сонымен қатар, ата-анасының арызы негізінде жалған ақпарат таратқаны үшін блогерге әкімшілік іс қозғалған. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу