Тікелей инвестициялар қорының алғашқы құжатына қол қойылды

881

Тікелей инвестициялар қорының алғашқы құжатына қол қойылды

Қазына Капитал Менеджмент пен  Қазақстан даму банкі тікелей инвестициялар қорын құрды. Бұл жайлы Қазақстан даму банкі мен Қазына Капитал Менеджмент бірігіп құрған жаңа қордың баспасөз мәслихатында хабарланды.

Қордың 97%-ы негізгі инвесторы әрі серіктесі Қазақстан даму банкіне (ҚДБ) тиесілі. 3%-ы қордың тағы бір серіктесі әрі басқарушысы Қазына Капитал Менеджменттің (ҚКМ) үлесінде. 

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ төрағасының міндетін атқарушы Айдар Арифхановтың айтуынша, тараптардың осы қор аясындағы серіктестігі қосымша қарыз алуға мүмкіндігі жоқ әлеуетті жобаларға private equity құралдарын қолдану арқылы дамуға мүмкіндік бермек. 
"Қордың бастапқы капиталдандыруы 33,5 млрд тенге (100 млн АҚШ доллары)  дейін жетеді деп анықтадық. Қосымша қаржыландыру тиісті жобалардың пайда болуына байланысты болады. Қорды кәсіби басқару үшін Қазына Капитал Менеджментті жұмылдырып отырмыз. Сонда компанияның  капиталға кәсіби қатысуы мен корпоративтік басқару жүйесін дамытуға қатысты барлық мәселелері шешімін табады"- дейді, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ның төрағасы Болат Жәмішев.

Баспасөз мәслихатында қордың алғашқы құжаты - "АтырауНефтеМаш" ЖШС-ны қаржыландырудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды. Алдын ала мәлімет бойынша, компанияның қазынадағы үлесі 1 млрд теңге көлеміне дейін жетпек. Жобадан шығудың болжамды мерзімі: 2022 жыл. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу