ТикТок әлеуметтік желісінде бейне жариялаған ата-ана кешірім сұрады

1075

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы баспасөз қызметі 2-сынып оқулықтарына қатысты эмоцияға толы пікір білдірген әйелдің кешірім сұрағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

ТикТок әлеуметтік желісінде бейне жариялаған ата-ана кешірім сұрады

Өткен аптада Сымбат Ақыш есімді әйел ТикТок әлеуметтік желісінде 2-сынып оқулықтарына қатысты сын айтқан болатын. Оның бірінші тастаған сауалы пән атауының неге "Ана тілі" емес, "Қазақ тілі" деп аталатынына қатысты болды. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін "Ана тілі" болған.  Ал екіншісі "Жазбаша сөйлеу" термині туралы болған. Ата-ананы сөйлеу әрекетінің жазбаша түрде де болатыны күйіндіріп, ашуын туғызған.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы аталған сынның негізсіз екенін хабарлап, түсініктеме берді: "1. Қазақ тілінде оқытатын мектептерде оқытылатын "Ана тілі" мен "Қазақ тілі" – оқу мақсаттары әртүрлі екі түрлі, екі бөлек пән. "Ана тілі" 1-сыныптың ІІ жартысында "Әліппеден" кейін оқытылса, "Қазақ тілі" пәні 2–11 сыныптар аралығын қамтиды. Еліміздегі білім саласында бұл – орныққан, әрі дәстүрлі тәжірибе.

2. "Жазбаша сөйлеу" филологияда ғана емес, педагогикада ертеден кездесетін, кең тараған термин. Сол себепті Бастауыш білім беру деңгейінің 2–4-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәні үлгілік оқу бағдарламасында бұл ұғым қолданылып, балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамытуды көздеді. Желі қолданушылары өз пікірлерінде де ұқсас жауаптар бергенін атап өткен жөн.

Орталықтың баспасөз қызметі ата-ананың өзінің ТикТок желісінде 2-бейнежазба түсіріп, ҚР Оқу-ағарту министрлігінен, оқулық авторлары мен сарапшылар тобынан эмоцияға беріліп, дөрекілік танытқаны және білместігі үшін кешірім сұрағанын хабарлады. Оның сөзінше, алдыңғы бейнежазбаны мәселенің анық-қанығына көз жеткізбей, ережені ұмытынқырап түсірген. Ал желіде шу шығарып, талқыға түскен видеосын өшірген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу