TikTok арқылы террористік материалдарды таратқан семейлік сотталды

205

Қазақстанда "Ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымының қызметіне тыйым салынған.    

TikTok арқылы террористік материалдарды таратқан семейлік сотталды Фото: liter.kz

Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында онлайн-платформаларды пайдалана отырып терроризмді насихаттады деп айыпталған Семей қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

"2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін айыпталушы TikTok әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Аталған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын қамтып, террористік қызметті ақтаған.

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлады Бас прокуратура. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Абай облысының прокуратурасы интернет желісінде террористік және экстремистік мазмұндағы материалдарды тарату, репост жасау, сондай-ақ сақтау үшін қылмыстық жауаптылық көзделгеніне азаматтардың назарын аударады және осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу