TikTok эфирінде әдепсіз сөз айтқан 18 жастағы қыз жауапқа тартылды

271

Талдықорғанда TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөз айтқан қызға айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

TikTok эфирінде әдепсіз сөз айтқан 18 жастағы қыз жауапқа тартылды Фото: Бейнежазбадан

Талдықорғанда 18 жастағы Нұрай Берікмұлаева TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Бұл дерек полиция қызметкерлерінің әлеуметтік желілерге жүргізген мониторингі кезінде анықталды. Жинақталған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілді.

Сот қаулысымен қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Полиция өкілдері интернет кеңістігінде де заң талаптарын сақтау керектігін ескертеді. Әлеуметтік желілерде, оның ішінде тікелей эфир кезінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу