Талдықорғанда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде әдепсіз сөздер қолданған тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полицияның мәліметінше, эфирге қатысқан 32 жастағы жергілікті тұрғынның әрекеті анықталған. Жиналған материалдарды сот қарап, әйелді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, әкімшілік айыппұл салған.
Полиция әлеуметтік желілердің көпшілікке қолжетімді ашық кеңістік екенін еске салып, қолданушыларды қарым-қатынас мәдениетін сақтауға шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу