TikTok Қазақстан халқы үшін онлайн фестиваль ұйымдастырады

242

Қазақстанның жоғары оқу орындары да бұл фестивальге белсенді қатысып жатыр.

TikTok Қазақстан халқы үшін онлайн фестиваль ұйымдастырады Фото: pixabay.com

TikTok жыл сайынғы #Наурыз2025 онлайн фестивалін іске қосады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, үшінші жыл қатарынан Наурыз мейрамына орай TikTok қазақстандықтар үшін ауқымды онлайн-фестиваль ұйымдастырады. #Наурыз2025 арнайы хэштегі арқылы кез келген адам бастамаға қосылып, мерекелік сәттерімен бөлісе алады.

Қазақстанның жоғары оқу орындары да бұл фестивальге белсенді қатысып жатыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Satbayev University Наурызды ерекше қарсы алуға дайын, Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде домбыра шертіліп, Yessenov University-де ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу