Тiktok қолданғаны үшін 10 мың долларға дейін айыппұл

515

Бұл – АҚШ-тың Монтана штатында қабылданған ереже  

Тiktok қолданғаны үшін 10 мың долларға дейін айыппұл Фото: google.com

Монтана АҚШ-та Тiktok-ты қолдануға тыйым салынған алғашқы штатқа айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Тиісті заңға өңір губернаторы қол қойды. Ол келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс.

Талапқа бағынбаған қосымша дүкендеріне күніне 10 мың долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Қарапайым қолданушыларға ондай жаза қолданылмайды.

Тiktok-ты қытайлық компания жасап шығарған. АҚШ өкілдерінің пікірінше, Қытай билігі қосымшаны америкалықтардың жеке деректерін жинау үшін қолдануы мүмкін. Осындай қауіптің күшеюіне байланысты бұған дейін мұнда оны Федералдық үкімет құрылғыларында пайдалануға тыйым салынған еді.

Соңғы мәлімет бойынша, АҚШ-та Тiktok қолданушыларының саны 100 миллион адамнан асады.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу