TikTok Қытайдың өнеркәсіптік-коммерциялық банкін (ICBC) басып озды. Оның құны 3%-ға өсіп, 71,8 миллиард долларға жетті. Ал, WeChat қытайлық брендтер арасындағы ең мықты бренд болды.
Қытайдағы мейрамхана секторында AAA+ белгісі бар ең күшті мейрамхана бренді бойынша Haidilao үздік шықты.
Одан кейінгі орынға Luckin Coffee жайғасты.
Аталған елдегі үздік автомобиль бренді BYD-тің құны 20%-ға артып, 12,1 миллиард долларға жетті. Сол себепті рейтингіде ол көш басында тұр. BYD электр көліктерінің сатылымы жағынан 2023 жылдың соңында Tesla-дан асып түскенін айта кеткен жөн.
Керісінше, Tesla брендінің құны 12%-ға төмендеп, 58,3 миллиард долларға болды.