TikTok Қытайға деректерді заңсыз бергені үшін 500 млн еуро айыппұл арқалауы мүмкін

359

Айыппұл сәуірдің соңына дейін салынуы мүмкін. 

TikTok Қытайға деректерді заңсыз бергені үшін 500 млн еуро айыппұл арқалауы мүмкін Фото: GQ Russia

Ирландияның деректерді қорғау комиссиясы TikTok-тың басты компаниясы ByteDance-ке 500 миллион еуро көлемінде айыппұл салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Forbes.ru-ға сілтеме жасап.

Өйткені қытайлық платформа еуропалық қолданушылардың деректерін Қытайға заңсыз жіберді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Тексеру барысында реттеуші орган компания Еуроодақтың жалпы деректерді қорғау регламентін бұзғанын анықтады. ByteDance-ке салынатын айыппұл Ирландияның қадағалау органының тарихындағы ең ірі айыппұлдардың бірі болуы мүмкін. Бұған дейін Amazon компаниясы 746 миллион еуро, ал Meta 1,2 миллиард еуро айыппұл арқалаған еді.

Айыппұл сәуірдің соңына дейін салынуы мүмкін.

Агенттіктің дереккөздерінің хабарлауынша, қытайлық платформаға қатысты тергеу 2021 жылы басталған. GDPR (General Data Protection Regulation) ережелері бойынша бақылауды Еуроодақта орналасқан шетелдік компаниялардың ұлттық органдары жүзеге асырады. TikTok бұл шешім бойынша Ирландия соттарына шағым түсіруге құқығы бар.

Ирландияның деректерді қорғау комиссиясының шешіміне сәйкес, реттеуші орган компанияны "Қытайдағы деректерді заңсыз өңдеуді" белгіленген мерзімде тоқтатуға міндеттейді. Bloomberg ByteDance компариясымен байланыса алмады. Ал Ирландияның деректерді қорғау комиссиясы агенттікке түсініктеме беруден бас тартқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу